-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
Молибден - сирек кездесетін элемент. Оның жер қыртысындағы орташа мөлшері \(\small 3 \times 10^{-4}\) % (массасы бойынша), табиғатта бос күйінде кездеспейді.
Молибденнің 20-ға жуық минералдары белгілі, бірақ төртеуінің ғана өнеркәсіптік маңызы бар: молибденит \(\small \text{MoS}_2\), повеллит \(\small \text{CaMoO}_4\), молибдит \(\small \text{Fe}_2(\text{MoO}_4)_3 \times n\text{H}_2\text{O}\) және вульфенит \(\small \text{PbMoO}_4\). Молибдениттен басқа минералдар молибдениттің тотығуынан пайда болған қайтармалы минералдарға жатады. Шашыраңқы түрде молибден кейде лимонитте және кейбір сульфидті минералдарда, әсіресе халькопиритте кездеседі.
Молибденит (\(\small \text{MoS}_2\)) - молибденнің ең көп таралған және өнеркәсіптік маңызды минералы болып табылады. Жұмсақ, сұр түсті минерал. Тығыздығы 4,7-4,8 \( \text{г/см}^3\), минералогиялық шкала бойынша қаттылығы 1-1,5. Молибденит гексоганальді қатпарлы типті кристалдық торға ие (1.14-сурет). Молибден иондарының қабаттары күкірт иондарының екі қабатының арасында орналасып, үш қабатты қаптаманы құрайды. Молибденит кристалдарының мінсіз тұтастықта тұруы S-Mo-S үштік қабаттары арасындағы әлсіз байланысқа байланысты. Молибденит көбінесе кварц кендерінің тарамдарында кездеседі, шеелит, касситерит, вольфрамит, висмут жылтыры, пирит, халькопирит, арсенопиритпен жиі ассоциацияланады.

1.14-сурет. Молибдениттің кристалдық құрылымы:
Минералда кейде сирек кездесетін рений металының изоморфты қоспасы болады (0,04-0,0004%).
Повеллит пен молибдит көбінесе молибденит кендерінің тотыққан аймақтарында кездеседі. Молибдиттің құрамы тұрақты емес, оны \(\small x\text{Fe}_2\text{O}_3 \times y\text{MoO}_3 \times z\text{H}_2\text{O}\) жалпы формуласымен көрсетуге болады.
Вульфенит қорғасын кен орындарының тотыққан аймақтарында кездеседі. Қазіргі уақытта бұл минералдың өндірістік маңызы аз.
Молибден кендерінің бірнеше түрі бар:
1) кварц кендерінде молибденит шөгетін қарапайым кварц-молибден кендері.
2) құрамында молибденитпен қатар вольфрамит кездесетін кварц-молибден-вольфрамит кендері.
3) скарн кендері. Бұл типтегі кендерде молибденит көбінесе шеелитпен және кейбір сульфидтермен (пирит, халькопирит) скарндардағы жарықтарды толтыратын кварц кендерінде (жилы) кездеседі (кремнийлі әктастар).
4) молибденит мыс және темір сульфидтерімен бірлескен мыс-молибден кендері.
Кейбір кендерде мыс мөлшері аз, ал басқаларында мыс басым, ал молибденнің мөлшері шамалы (пайыздың жүзден және мыңнан бір бөлігі), мұндай кендерден молибден мыспен бірге бөліп алынады.
Молибден қоры әлемнің 35 елінде анықталған, USGS-тің бағалауы бойынша 10,8 млн тонна. Молибденнің қоры бар мемлекеттер: Қытай (әлемдің расталған қорының 40%), АҚШ (25%), Чили (17,%), Перу (4%), Ресей (2%), Канада (2%) және басқа мемелекеттер. Қазақстанда молибденнің расталған қоры 130 мың тонна және әлемде молибден қоры бойынша 9-шы орында.
Молибден кендерін байыту үшін әдетте тек флотация қолданылады. Қарапайым кварцты-молибденді кендерді байыту. Бастапқыда, сульфидтердің барлығы бірге флотацияланады. Содан соң мыс пен темір сульфидтерін сілтілі ортада күкірті натрий немесе цианидтермен флотациялануын басып отырып, молибденитті флотациялайды. Бірнеше тазартудан өткізгеннен кейін құрамында 85-95% \(\small \text{MoS}_2\) бар концентраттар алынады. Молибденнің кеннен концентратқа өту көрсеткіші 90 %. Көбіктендіргіш ретінде қарағай майы, ал жинағыш ретінде керосин, трансформатор майы қолданылады.
Мыс-молибденді кендерді байыту кезінде алдымен бірлескен мыс-молибден концентраты алынады. Содан соң мыс сульфидтері флотациясын баса отырып молибденді флотациялап, мыс пен молибденді бөледі.
Кварцты-молибденді-вольфрамитті кендерді байыту кезінде гравитациялық (вольфрамит концентратын алу үшін) және флотациялау (молибденит концентратын алу үшін) әдістері біріктіріледі.
Шеелитті-молибденитті скарн кендерін байыту кезінде алдымен молибденит флотацияланады, содан кейін молибден флотациясының қалдықтарынан шеелитті (повеллитпен бірге) майлы қышқылдар көмегімен флотациялап алады.
Кейбір мысты-молибденитті және тотыққан кендерді байыту кезінде молибденнің мөлшері аз өнім алынады, кейін бұдан "химиялық концентрат" алу үшін гидрометаллургиялық өңдеуге жібереді.
Мемлекеттік стандарттар бойынша жоғарғы сортында және КМ1, КМ2 маркалы молибденит концентраттарында молибденнің мөлшері тиісінше 58, 56 және 54% - дан төмен болмауы тиіс. Олардың құрамында \(\small \text{P}, \text{As}, \text{Cu}, \text{SiO}_2, \text{Sn}\) қоспаларының мөлшері шектеледі.