-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
10.1 Жалпы мәліметтер
айырмашылығы, литий сульфаты ашудас түріндегі қос тұздарды түзбейді.
Литий хлориді (LiCl) - түссіз зат (t балқу= 614 ℃, tқайнау = 1380 ℃). Тұз суда жақсы ериді (20 °C температурада 80,6%). NaCl және КСl -ден айырмашылығы, литий хлориді органикалық еріткіштерде (спирттер, кетондар, хлороформ және т.б.) еріп, литий органикалық қосылыстарын түзеді.
Литий фториді (LiF) - ақ кристалды зат (t балқу = 848 ℃, tқайнау = 1681℃). Тұз суда аз ериді (25°C кезінде 0,133 %). Фторид тұз қышқылында аз, бірақ азот пен күкірт қышқылдарында оңай ериді.
Литий гидриді (LiH) - ақ түсті қатты зат (t балқу = 690 ℃). Ол 680 – 700 ℃-та сутегімен балқытылған литийдің өзара әрекеттесуінен алынады. Сутегі болмаған кезде, 800 – 850 ℃ температурада термиялық ыдырайды. Сумен сутегі бөле отырып, белсенді ыдырайды:
| LiH + H₂O = LiOH + H₂ | (3.12) |
Осыған байланысты, литий гидридін сутегі көзі ретінде қолданады. Техникада одан басқа литийдің алюмогидрийді (LiAlH4) мен боргидриді (LiBH4) қолданылады. Литидің бородейтериді мен боротритиді дейтерий мен тритий алу көзі ретінде қолданылады.
Қолдану салалары
Литий және оның қосылыстары қазіргі уақытта атом және электротехника, қара және түсті металлургия, реактивті авиация және зымыран техникасы, жағармай өндірісі, химия өнеркәсібі және басқа да салаларда қолданылады.
Атом техникасы. Бұл аймақта литий ядролық реакция негізінде ауыр сутегі изтопы – тритийді алу үшін қолданылады:
| ⁶₃Li + ¹₀n = ⁴₂He + ³₁T |
Термоядролық процестер дейтерий немесе тритий ядроларының қосылып, гелий түзу реакцияларына негізделген, олар орасан зор энергия шығарумен бірге жүреді. Бұл реакциялар 103— 109 К температурада жүреді. Сутегі бомбасында процесті жүзеге асыру үшін литий дейтериді LiD қатты отын ретінде қолданылады. Сонымен қоса, тритийдің ядролық синтезінің реакциялары және бір LiD молекуласына 22,4 МэВ бөлінумен, дейтерий мен тритийден гелий ядроларының синтезі қатар жүреді.
Атом техникасының басқа салаларындағы қолданысы: Li6H гидриді жылдам нейтрондарды экрандау үшін қолданылады; литий қосылыстары (гидрид, оксид) ядролық реакторлардың қорғаныс материалдарының бөлігі болып табылады; литийдің басқа сілтілі металдармен қорытпалары ядролық реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде қолданылады.
Металлургия. Литийдің едәуір бөлігі алюминийдің электролиттік өндірісінде қолданылады. Электролитке литий карбонатын немесе фторидін қосқанда, оның электр өткізгіштігін мен ток шығынын арттырады, электр энергиясын тұтынуды азайтады. 1 тонна алюминий үшін 2 кг литий жұмсалады.
Сонымен қатар, литий металлургияда тотықсыздандыру, күкірт, азот, фосфор қоспаларынан тазарту, газсыздандыру және шойынды, түсті металдарды және алюминий, магний, мыс, никель негізіндегі қорытпаларды модифицирлеу (оларға қажетті құрылым беру) үшін қолданылады. Осы мақсаттар үшін құрамында 2 - 10% Li және 50 - 70% Са бар литий қорытпаларының лигатуралары қолданылады. Литий галогенидтері алюминий және магний қорытпаларынан жасалған бұйымдарды дәнекерлеу кезінде қолданылатын флюстің құрамына енеді.
Химиялық ток көздері. Темір-никель және кадмий-никель сілтілі аккумуляторлардың электролит құрамына енгізілген LiOH қоспалары, олардың сыйымдылығын 12% - ға арттырады және қызмет ету мерзімін 2-3 есе арттырады.
Жақында литий-аккумуляторлы батареяларының әртүрлі өлшемдері ("түймелерден" үлкен өлшемдерге дейін) назарды аудартты, олар жоғары меншікті энергиямен және ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді. Олар зымырандарды, ғарыш аппараттарын, сүңгуір қайықтарды, электромобильдерді, шағын электронды есептеу аппаратурасын және басқа да көптеген құрылғыларды қуаттандыруға қолданылады.
Майлау материалдары. Авиация мен машина жасауда литийлі майлағыштар кеңінен қолданылады, олардың құрамына стеарин және басқа май қышқылдарының литий тұздары кіреді. Мұндай майлау материалдары -60-тан 150 °C-қа дейінгі температура аралығында қызмет ете алады, тұтқырлығы жоғары, суда ерімейді. АҚШ пен Жапонияда литий майларының жалпы өндірісі 53-55% құрайды.
Зымыран отыны. Литий және оның бор, сутегімен (гидрид, боргидрид) қосылыстары жоғары жылу беру қасиетіне ие. Олар зымыран отындарының қатты, сұйық немесе гибридті түрлеріне, меншікті импульсін арттыру және жануды тұрақтандыру мақсатында қосылады.
Керамика және шыны өндірісі. Бұл аймақта литий қосылысының едәуір бөлігі тұтынылады. Литийдің карбонаттары, титанаттары және циркондары, сондай-ақ литий концентраттары (лепидолит, петалит) күйдіру температурасын төмендету және бұйымдардың ыстыққа төзімділігін арттыру мақсатында, фаянс, фарфор, отқа төзімді материалдар өндірісінде керамикалық массаға қосылады. Литий қосылыстары теледидар мен радиотехникаға арналған әйнектің, сондай-ақ ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер үшін мөлдір әйнектің арнайы маркаларына енгізіледі.
Литий-борат шынысы рентген аппаратурасында қолданылады. Құрамында 5,5 - 15% Li2О, 60 - 85% SiО2, 2 -25 % Al2O3 бар, "пирокерам" шыны