11.1 Жалпы мәліметтер

Элементтердің периодтық кестесіндегі сирек жер элементтерінің орны және олардың электрондық құрылысы
Сирек жер элементтер тобына (СЖЭ) Д.И. Менделеевтің VI периодтық жүйесінде 14 элемент тобы, реттік нөмірлері 58-ден (церий) 71-ге (лютеций) дейінгі лантаннан кейін орналасқан және оған қасиеттері ұқсас элементтер кіреді. Сондықтан бұл топқа лантан (Ln) кіреді, ал қалған элементтер лантаноидтар (яғни лантанға ұқсас) деп аталады. Бұдан басқа, бұл топқа лантанның химиялық аналогтары - үшінші топ элементтері скандий мен иттрий кіреді. Иттрий қасиеттері жағынан скандийге қарағанда лантаноидтарға ұқсас, және минералдық шикізатта ілеспе элемент ретінде лантаноидтармен бірге жүреді. Физикалық химиялық қасиеттері бойынша лантаноидтар өзара ұқсас. Бұл олардың электрон қабаттарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты: ядроның заряды артқан сайын (немесе реттік нөмірі) лантаноид атомдарындағы сыртқы екі электрондық деңгейлері бірдей болады (4.1-кесте).

4.1-кесте. Реттік нөмірі, электрондық құрылымы, тотығу күйі, иондық радиусы

Элементтің аты
мен символы
Атом-дық
нөмірі
4f5s5p5d6sТотығу
дәрежесі
Гольдшмид
т бойынша
+3 ионының
радиусы ,
нм
Me³⁺
ионының
түсі
Лантан La57-2612+30,122Түссіз
Церий Ce58226-2+3; +40,118-
Празеодим Pr59326-2+3; +40,116Сарғыш -
жасыл
Неодим Nd60426-2+30,115Қызыл-
күлгін
Прометий Pm61526-2+3-Қызғылт
Самарий Sm62626-2+2; +30,113Сары
Европий Eu63726-2+2; +30,113Ақшыл-
қызғылт
Гадолиний Gd6472612+30,111Ақшыл-
түссіз
Тербий Tb65926-2+3; +40,109Ақшыл-
қызғылт
Диспрозий Dy661026-2+3; +40,107ақшыл-
сарғыш-
жасыл
Гольмий Ho671126-2+30,105Қою сары
Эрбий Er681226-2+30,104Қызғылт
Туллий Tu691326-2+3; +20,104Ақшыл
Иттербий Yb701426-2+4; +30,100жасыл
Түссіз
Лютеций Lu71142612+30,099-

Бір элементтен екінші элементке ауысқан кезде терең жатқан 4ƒ электронды деңгей электрондармен толтырылып, ƒ деңгейіндегі электрондардың барынша мүмкін саны 14-ке тең лантаноид тобындағы элементтер санын анықтайды. Қалыпты жағдайда лантаноид атомдарының (гадолиний мен лютецийді қоспағанда) 5d-қабатында электрондар болмайды (4.1-кестені қараңыз). Алайда, электронның 4ƒ деңгейінен 5d деңгейіне ауысуы үшін аздап энергия шығыны қажет. Лантаноидтарға тән (+3) тотығу дәрежесі 4ƒ -деңгейден 5d-деңгейге бір электронның ауысуымен байланысты. Бұл жағдайларда валенттік байланысқа 6s қабатының екі сыртқы электроны және 5d қабатының бір

1
2
3