-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
11.1 Жалпы мәліметтер
генераторларда қолданылады. Лазердің негізі ретінде CeF3 және СЖЭ (La, Y, Gd, Ce) оксидтері пайдаланылуы мүмкін. Y - Fe, Y – Al негізіндегі неодиммен легірленген гранаттар лазерлер әзірленіп, кеңінен қолданылады.
Электровакуумдық және рентгендік техника және радиотехника. Электровакуумдық техникада СЖЭ газды шашыратпайтын сіңіргіштер (геттер) құрамында қолданылады.
4.3-кесте. Сирек жер элементтердің өндірісте қолданылатын нақтыланған салалары
| Элемент | Қолдану аясы |
|---|---|
| СЖМ қоспасы (мишметалл) | Тоттанбайтын болат, аккумуляторларға арналған қорытпалар, ыстыққа төзімді, вакуумда жұмыс істейтін қорытпалар өндірісінде |
| Скандий | Өте берік алюминий-скандийлі қорытпалар, электронды сәулелі түтікшелер |
| Иттрий | Конденсаторлар, люминофорлар, микротолқынды фильтрлер, шынылар, оттекті сенсорлар, радарлар, лазерлер, жоғары өткішгіштер |
| Лантан | Шыны, керамика, автомобиль және мұнай катализаторлары, люминофорлар, пигменттер, аккумуляторлар |
| Церий | Полировка жасайтын ұнтақтар, керамика, шыны люминофорлар, катализаторлар, пигменттер, мишметалл, УК-фильтрлері. |
| Празеодим | Керамика, шыны, пигменттер |
| Неодим | Тұрақты магниттер, катализаторлар, ИК-фильтрлері, шыныға арналған пигменттер, лазерлер |
| Прометий | Өлшеуіш приборлардың бастапқы шикізаты, өте кішкентай ядролық батареялар, люминофорлар |
| Самарий | Тұрақты магниттер, микротолқынды фильтрлер, атом өндірісі |
| Европий | Люминофорлар |
| Тербий | Люминофорлар |
| Диспрозий | Люминофорлар, керамика, атом өндірісі. |
| Гольмий | Керамика, лазер, атом өндірісі. |
| Эрбий | Керамика, шыны бояғыштары, оптикалық талшықтар, лазер, атом өндірісі. |
| Иттербий | Металлургия, химиялық өнеркәсіп |
| Лютеций | Монокристалды сцинтилляторлар |
| Тулий | Электронды-сәулелік түтікшелер, медицинада кескіндерді визуализациялау |
| Гадолиний | медицинада кескіндерді визуализациялау, оптикалық магниттік тіркеу, керамика, лазерлер, кристалдық сцинциляторлар |
Неодим оксиді электронды құрылғыларда сызықтық кеңею коэффициенті аз диэлектрик ретінде қолданылады.
Медициналық мақсаттағы портативті жұмсақ рентген генераторларын жасау үшін және көлемді рентген аппаратурасын алмастыратын дефектоскопия жасауда 170Тu туллий изотопты маңызды қолданыс тапты.
Прометий изотопы 147Рm (жартылай ыдырау кезеңі 2,7 жыл) прометийдің жұмсақ β-сәулеленуі электр энергиясына айналатын «атомдық микро батареяларды» жасау үшін қолданылады.
Электр жарықтандыру техникасы. Бұл салада жарқылдың қарқындылығын арттыру үшін прожекторлар мен кинопроекциялық жарықтандырғыштардың көміртекті электродтарын жасауда СЖЭ-дің фторидтері бұрыннан қолданыс тапқан. Фторидтер (негізінен CeF3) электродтың орталық бөлігіндегі (фитильдің) масса құрамына енгізіледі.
Химия және жеңіл өнеркәсіп. СЖЭ-дің қосылыстары лактар, бояулар және жарқыраған композициялар (люминофор) жасау үшін; аммиак синтезіндегі катализаторлар, мұнай крекингі және органикалық химиядағы тотығу процестері үшін; аналитикалық химия мен фотореагенттерге арналған химиялық реактивтер өндірісінде қолданылады.
Ауыл шаруашылығы. СЖЭ қосылыстары ауыл шаруашылығында инсектофунгицидтер (зиянкестермен күресуге арналған препараттар) және өсімдіктердің өсуін тездететін микро тыңайтқыштар ретінде қолданылады.
Мобильді телефондар өндірісінде, оның ішінде Apple айфон өндірісінде СЖМ-ды қолдану түрлері кестеде көрсетілген.
4.4-кесте. Apple айфон өндірісінде СЖМ-ды қолдану