-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
Сирек металдар өндірісі үшін ең қолжетімді технологияларға ұсыныстар
Қазіргі таңда технологтар мен экологтардың бірлесе жасалған ұсыныстары өндіріс орнының сыртқы ортаға бөлетін эмиссиясын азайту және шаңды басу мен шаңды ұстағыш жүйелерді жетілдіруге, уыттылығы жоғары реактивтерді уыттылығы төмен реактивтерге мысалы аминдер қолданылатын экстракциялау әдістерін анион алмастырғыш шайырларға ауыстыруды көздейді.
Энергия үнемдеу бойынша ұсыныстар келесідей:
-пирометаллургиялық процестер үшін: негізгі процестерде түзілетін (мысалы, бу, ыстық су немесе ыстық ауа) артық жылуды пайдалану;
-шаймалау температурасын жоғарылату үшін артық жылу есебінен түзілетін бу немесе ыстық ерітінділерді қолдану;
-оттықтарға оттегімен байытылған ауаны беру арқылы күйдіру және материалдарды агломерациялау кезінде қыздыруды автогендік процестер ретінде жүргізу арқылы энергия үнемдеу;
-концентраттарда балқытудың алдында төмен температуралық кептіру процестерін жүргізу;
-жоғары температурада жүретін процестерде объектілерді (ыстық су және бу құбырларындағы жылуларды) изоляциялау;
-күкірт диоксидінен күкірт қышқылын өндіруде пайда болған жылуды, өндіріске қажетті газды алдын ала қыздыру үшін пайдалану;
- тиімділікті жоғарылату үшін жиілікпен жабдықталған түрлендіргіштері бар электр қозғалтқыштарын пайдалану керек, мысалы, желдеткіштер үшін;
-газ бен шаң бөлінгенде ғана іске қосылатын автоматты түрдегі жергілікті сорғыларды қолдану.
Технологиялық процестерді бақылау және эмиссияның мониторингісі үшін ұсыныстар:
-ластаушы заттарды азайту мақсатында бастапқы материалдарды тексеріп, сұрыптап отыру;
-өңдеу тиімділігін арттыру және қалдықтар мен ластаушы заттардың мөлшерін азайту мақсатында шихта құрамдастарын мұқият араластыру;
-материалдарды өндіріске беру, күйдіру, газдарды қосу процестеріне сигнализация үшін микропроцессорлық құрылғыларды қолдану;
-процестердің маңызды параметрлерін: ауаны тазарту қондырғыларында өткізілетін газдың температурасы, реагенттер мөлшері, қысымның төмендеуі, электрофильтрдегі ток және кернеу, ылғал скрубберге берілетін сұйықтықтың көлемі және рН-ы, берілетін газдың құрамын (мысалы, O2, CO, ұшқыш органикалық қосылыстар) бақылау;
-электролиз процестерінде артық температура нәтижесінде қызып кету салдарынан метал мен оның оксидтерінің газға өтуін болдырмас үшін температураны бақылау және реттеу;
-ақаба суларын тазарту құрылғыларына реагенттердің берілуін және тазарту жұмыстарын, температураны, лайлылықты, рН, электр өткізгіштік пен ағын көлемін аспаптық бақылауда микропроцессорлық құрылғыларды пайдалану.