2.7 Тантал мен ниобийді қысыммен өңдеу

Ниобий және танталдың күйдірілген дайындамалары суықта деформацияланады. Шыбықтар ротационды сомдау машиналарында, ал жалпақ дайындамалар серіппелі немесе пневматикалық балғамен \(\small \sim 25\%\) қысу дәрежесіне дейін соғылады. Содан кейін вакуумда жоғары температурада қайта кристалдап күйдіру жүргізіледі. Одан әрі өңдеу вакуумда аралық (қажет болса) күйдірумен суықта жүргізіледі.
Ірі кристалды құймаларды бастапқы өңдеу оларды \(\small 900-1000 \, ^\circ\text{C}\) дейін (кейде қабықта) алдын ала қыздыра отырып, ыстық соғу немесе экструзия қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тығыздалған дайындамалардан жұқа сыртқы тотыққан қабатты қайралайды (егер олар қорғаныссыз қыздырылса). Арнайы герметикалық білдекпен вакуумда ыстық өңдеу жақсы нәтиже береді. Қысыммен одан әрі өңдеу суықта жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары
1) Тантал мен ниобийдің физика-химиялық қасиеттері мен қолдану салалары
2) Танталит-колумбит концентраттарын өңдеу процестері
3) Лопарит концентраттарын өңдеу технологиялары
4) Тантал мен ниобийді бөлу және олардың қосылыстарын қоспалардан тазарту
5) Тұтас металдық тантал мен ниобийді алу
6) Тантал мен ниобий металдарын алудың металлургиялық әдісі
7) Тантал алудың электролиттік әдісі
8) Тантал мен ниобийді сутегі хлоридтерінен тотықсыздану арқылы алу
9) Жоғары оксидтерден ниобий мен тантал алудың алюминийтермалық әдісі
10) Тантал мен ниобийдің хлоридтерін ректификациялау арқылы бөлу әдісі