5.3 Ренийдің шикізат көздері

кезінде молибден концентратына ренийдің бөлінуі 20 %, мыс концентратына – 24 %. Мысалы, молибден кендерін флотациялауда, құрамында 48 % молибден, 380 г/т ренийі бар концентрат алынады. Молибденнің концентратқа бөліну дәрежесі 76 % болса, ренийдікі – 71-72 %.
Молибденит концентратында ренийдің мөлшері > 50 г/т болса, онда оны жанама өнім ретінде бөліп алуға болады деп есептеледі. Ренийді жанама өнім ретінде бөліп алатын зауыттардың молибденитті концентраттарындағы ренийдің мөлшері 2.5-кестеде көрсетілген.
Мыс сульфидті кендерде рений екі қосылыс ReS2 және CuReS4 түрінде болады. Бастапқы мыс кеніндегі рений концентрациясы 1,0-1,5 г/т, кен байытылғаннан кейін мыс концентратында 5-6-дан 20-35 г/т аралығында болады.
Мыс сульфидті кендерді байыту кезінде ренийдің концентратқа бөлінуі 60-69 % - дан аспайды. Бұл типтегі өндірістік маңызды кен орындар еліміздегі Жезқазған кен орны, мұндағы ренийдің мөлшері кларкқа қарағанда мың есе көп, Жезқазған мыс сульфидті кендерінен тәуелсіз кен табылды. Дәл осы кен орындарда ренийдің дербес минералы жезказганит CuReS4 табылған, құрамы (%): Cu - 15-20, Re - 55, S - 15, қалғаны - молибден, қорғасын, қалайы және басқа металдардың қоспалары. Жезқазғанит минералының 70-80 % жұқа дисперсті түрде мыс және қорғасын сульфидтерінің кристалдарының бетінде локализацияланған. Бұл қосындылардың орташа мөлшері 0,01-ден 1-2 мкм болады. Мыс сульфидті кендерді байытуда ренийдің концентратқа бөлінуі 42-60 %, ал кешенді мыс сульфидті кендерді байытуда ренийдің мыс концентратына бөлінуі – 19-28 %, қорғасын концентратына - 20-45 % бөлінеді.

2.5-кесте. Байыту фабрикаларында алынатын молибденитті концентраттардағы ренийдің мөлшері

ЕлКенорын (аймақ)Re концентрациясы, г/т
АҚШСан-Мануэль (Аризона)900
Клаймакс (Колорадо)250
ЧилиЧукикамата250
Эль-Сальвадор675
Эль-Таниекте400
КанадаВанкувер1500
МонголияЭрдэнэт450
АрменияКаджаран200
Агарак400
МексикаКананса (Сонфра)200
ӨзбекстанАлмалық800

Сульфидті мыс кендерін байытуда ренийдің негізгі бөлігі кенді ұнтақтау кезінде шламдану нәтижесінде жоғалады. Бұл шығындардың азаюына флотация процесін жетілдіру (жаңа жинақтағыштарды, модификаторларды және т.б. қолдану) есебінен инерциялық ұсатқыштарды пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
Жезқазған мыс сульфидті кенін байытуда ренийдің өнімдерге таралуы 2.6-кестеде көрсетілген, бұл жерде ренийдің қайтымсыз жоғалымы рений сульфидтерінің тотығып, суда еритін қосылыстар түзілуіне байланысты екенін көруге болады.
Тотығу процестері оттегінің әсерінен кен құрамында да, ерітіндіде де жүреді. Зерттеулер нәтижелері бойынша ертінідіде рений дисульфидінің тотығуы процестің ұзақтығы мен араластыру жылдамдығының жоғарылауымен күшейеді. Соңғы фактор сұйық фазасының ауадағы оттегімен қанығуын анықтайды. Демек, рений дисульфидінің тотығу реакциясы минералдың бетіне оттегінің диффузиясымен шектеледі. Кен және пульпа дайындау процестерінде суда еритін рений шығынын азайту үшін, мысалы, реагент-пассиваторлар мен ингибиторларды қолдану арқылы жүйенің тотығу потенциалын төмендету қажет. Тиімді пассиваторлардың бірі - байыту бөлімінде жинақтағыш калий бутил ксантогенаты. Калий ксантогенатының ингибиторлық әсері сульфидті минералдың бетінде полистирол жабынын түзеді де, тотығу процесін баяулатады.

2.6-кесте. Жезқазған мыс-сульфидті кендерін байытуда ренийдің таралуы

1
2
3