-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
сульфиді және әлемде тұрақты, қуаттылығы бойынша теңдесі жоқ ренийдің алғашқы нақты кен орны Гавай типіндегі жанартау осы жерде ашылды. Г. С. Штайнберг, К. И. Шмулович, В. С. Знаменский, С. И. Ткаченко, М. А. Коржинский және т.б., жоғары температуралы (450-940℃) жанартау кратерінде фумаролдарда жүргізген зерттеулерінде бұл орындарда тек рений ғана емес, сонымен қатар германий, индий, висмут және басқа элементтердің концентрациясының жоғары екендігін көрсетті.
Рений температурасы 450-550 ℃ болатын жанартау газдарында бөлінеді. Фумарол газдарындағы рений концентрациясы 0,5-тен 6 г/т-ге дейін болады, газдардың температурасы мен метеожағдайларына байланысты рений мөлшері өзгеріп отырады. Жоғары температуралы газда рений мөлшері жоғары, қатты жаңбырдан кейін ол төмендейді. Кратерден шығатын гыздың мөлшері тәулігіне ~30 000 тонна. Кудрявый жанартауының фумарол жыныстарындағы ренийдің орташа концентрациясы 30 г/т, ал кейбір жерлерде оның мөлшері 1000 г/т немесе одан да жоғары.
Кратердің бүкіл аумағындағы газдардағы ренийдің динамикалық (жаңартылатын) қорлары жылына 36 тоннаны құрайды. Кендердегі рений қоры (3 м тереңдікке дейін) - 2,7 тонна.
Фумаролдық газдарда рений галогенид түрінде болады және сублимация процесінде сульфидке ауысады. Ғалымдар фумарол газдарынан ренийді табиғи цеолитке адсорбциялау арқылы алу мүмкіндігін көрсетті. Салмағы 40 кг цеолит қабаты арқылы тығыздығы 2,64 кг/м3, температурасы 550 °С жанартау газын 0,157 м3/с жылдамдықпен өткізгенде 48 сағаттан кейін цеолитте рений концентрациясы 12 г/т, 11 күннен кейін - 110 г/т болды, цеолит бөлшектерінен жаңадан пайда болған сульфидтердің бөлінуі байқалды.
Ренийді цеолитпен тиімді сіңіру 400 ℃ дейін төмендеген кезде байқалған. Ренийді элюциялау үшін адсорбциялық жүйеден шығатын бу-газ шығарындыларының конденсациясынан алынған қышқыл ерітіндісі қолданылады. Алынған элюаттардан рений ионитке қайта сорбцияланады, ол одан әрі өңдеуге шығарылады. Алдын ала жасалынған экономикалық есептеулер фумаролды газдардан рений мен басқа да компоненттерді 50%-дық рентабельділікпен алуға болатындығын көрсетті, бұл ретте шығындар 2 жылдан аспайтын мерзімде өтеледі.
Көміртекқұрамды шикізаттар. Мыс құмтастарының (дәстүрлі шикізат көзі) рениймен байытылу себебі олардың ренийдің бастапқы көзі болып табылатын мұнай бассейндерімен кеңістіктік ассоциациялатындығымен байланысты. Көмірсутектердің бетіне жақын ыдырайтын және олармен бірге жүретін жоғары минералданған тұзды ерітінділердің өзара әрекеттесу өнімі ретінде қарастырылатын мыс құмтастары мен тақтатастарда, гумин қосылыстары болмаған кезде экстракцияланатын мұнай битумдарының мөлшері жоғарылаған (тиісінше 0,015-0,05% және 0,2% дейін). Ренийді, мыс құмтастарының кейбір басқа элементтері сияқты, көмірсутектерден де бөліп алуға болады.
АҚШ-тағы (Колорадо үстірті) ең ірі уран-молибден-рений кен орны құрамында асфальт қалдығы бар бұзылған мұнай құрылымымен тікелей шектелген.
Органофильділік қасиетке ие рений құрамында көміртекқұрамды шикізаттарда да шоғырланады, олар мұнай, табиғи битумдар, көмірлер, жанғыш тақтатастар, шунгиттер, қара тақтатастар сияқты пайдалы қазбалардың үлкен тобы. Кейбір мұнай мен жанғыш тақтатастардағы ренийдің мөлшері жер қыртысындағы осы элементтің кларкынан ондаған есе көп. Мұндай пайдалы қазбалар кен орындарының көлемі әдетте миллиардтаған тоннаны құрайтындықтан, салыстырмалы түрде төмен концентрацияларға қарамастан, олардағы рений ресурстары үлкен. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, көмірдің рений әлеуеті ғана бұл елдің метал қажеттіліктерінің ~50% қанағаттандырар еді. Көміртекқұрамды шикізатты кешенді өңдеу тек органикалық компонентті ғана емес, сонымен қатар құнды микроэлементтерді де бөліп алуды қарастырады. Өнеркәсіптік ауқымда қазіргі уақытта көмірді қайта өңдеу өнімдерінен германий мен галлий, жанғыш тақтатастардан - уран, мұнай мен битумды қайта өңдеудің ауыр қалдықтарынан - ванадий алынады.
Өсімдіктер. Рений өсімдіктердің жасыл бөліктерінде жинақтала алады. Химиялық-спектрлік әдіспен Э. Е. Файн, С. К. Калинин, Е. х. Ким, М. А. Асанов, К. Д. Сүлейманов кен жоқ аудандардың өсімдіктерінен ренийді анықтаған. Бұтақтарда, қабықта, ағашта рений концентрациясы төмен, оның литосферадағы орташа мөлшеріне жақындайды. Мәселен, ақ акация жапырақтарында рений мөлшері 0,054 г/т, гүлдерде - 0,25 г/т, бүршіктерде -0,03 г/т, тұқымдарда - 0,006 г/т, бұтақтарда -0,005 г/т болған.
Өсімдіктердің ренийді жинақтау қабілеті әртүрлі. Оның жоғары концентрациясы квиноа тұқымдасының өсімдіктерінде, ал салыстырмалы түрде төмен концентрациясы лох және тамарикс сияқты бұталарда кездеседі. Рений кендері бар жерлер мен оларды өңдейтін кәсіпорындарға жақын жерлерде өсетін өсімдіктерде ренийдің жинақталуы кен жоқ аудандардағыдай заңдылықтарға бағынады және кен орнының орналасуына байланысты болады.
Барланатын кен орнының аумағында өсетін жусанның, мия тамырының және басқа да кең таралған өсімдіктердің жер үсті бөліктерінің күліндегі ренийдің мөлшері 1,1-1,3 г/т, ал игеріліп жатқан