6.1 Жалпы мәліметтер

концентрленген ерітінділерінде еріп, теллураттар түзеді.
Қышқылдары. Селенді қышқыл Н2ЅеО3 - түссіз кристалдар. Суда ерігіштігі: 0℃- 47,4 %, 20℃ - 62,5 %, 90 ℃-79,4 %. Төмен диссоциацияланған (К1 = - 3,5× 10-3), күшті тотықтырғыштармен селен қышқылына Н2ЅеО4 дейін тотығады. Алайда, тотықсыздандырғыштардың қатысуымен (H2S, SO2, HCl) элементті селенге дейін тотықсызданады.
Селен қышқылы - күшті тотықтырғыш, алтын, күміс, палладий, теллур, күкіртті ерітуге қабілетті. 205 ℃ температурада қайнайды, ал 260 ℃-та селен диоксиді, оттегі және суға ыдырайды.
Теллурлы қышқыл Н2ТеО3 - аз ериді, қызған кезде оңай ыдырап, ТеО2 түзеді.
Теллур қышқылы ортоқышқыл Н6ТеО6 ретінде белгілі - ақ кристалды зат; суда ерігіштігі 0℃-та 13,9%, 100 ℃-та 60,8%. Сусыздандыру кезінде, ол 100-200 ℃ температурада полиметателлур қышқылына (HeTeO4) ауысады. 300 ℃-тан жоғары температурада ыдырайды.
Тұздары. Селенді және теллурлы қышқылдарының тұздары сәйкесінше селениттер мен теллуриттер деп аталады. Сілтілік металдар мен аммонийдің селениттері мен теллуриттері суда жақсы ериді, басқа тұздары аз ериді. Селениттер қыздырылған кезде оксидтерге диссоциацияланады, ал теллуриттер 1000 ℃ дейін төзімді.
Селен және теллур қышқылдарының тұздары - селенаттар мен теллураттар - қасиеттері бойынша сульфаттарға ұқсас күшті тотықтырғыштар. Сілтілік металдардың селенаттары мен теллураттары суда жақсы ериді. Ауыр металдардың теллураттары іс жүзінде ерімейді.
Галогенидтері. Селен және теллур галогенидтерінің негізгі формуласы - ЭНаl4, тек фтормен SeF6 және TeF6 гексафторидтері түзіледі. Селенді (теллурды) галогендермен әрекеттестіргенде алынады.
SеCl4 және ТеС14-қатты заттар, концентрлі тұз қышқылында еріп, H2SeCl6, H2TeCl6 кешенді хлорқышқылдарын түзеді. Галогенидтер – ұшқыш қосылыстар (tқайн. SeCl4 196 ℃, TeCl4 382 ℃), суда қыздырғанда гидролизденеді:

SeCl₄ + 3H₂O = H₂SeO₃ + 4HCl(2.38)

Селенидтер мен теллуридтер - селен мен теллурдың басқа элементтермен қосылыстары - элементті заттардың синтезі немесе H2Se және Н2Те-ті тұз ерітінділері арқылы өткізіп алуға болады. Тағы бір әдіс - селенидтер мен теллуридтерді тотықсыздандыру:
2NaSeO₃ + 3C = 2Na₂Se + 3CO₂(2.39)

Сілтілік металдардың селенидтері мен теллуридтері суда ериді, ерітінділерде оттегімен ыдырайды:
2Na₂Se + O₂ + 2H₂O = 2Se + 4NaOH(2.40)

Суда көптеген түсті және сирек металдардың селенидтері мен теллуридтері ерімейді. Көбісі жартылай өткізгіш қасиеттерге ие.

Қолдану салалары
Селен мен теллур қазіргі уақытта электр және радиотехника, металлургия, химия өнеркәсібі және басқа да салаларда қолданылады.
Электротехника және радиотехника. Селеннің жарық қарқындылығының ауытқуына үлкен сезімталдығы фототранзисторларда, термоэлектрлік құрылғыларда, күн батареяларында, люминофорларда қолданылады. Қорғасын, қалайы, сынап және кадмий теллуридтері инфрақызыл сәуле шығарғыштар мен радиациялық детекторлар жасауда қызмет етеді. Селен және теллурмен жартылай өткізгіштерді легірлейді.
Металлургия. Теллур мен селен аз көміртекті және тот баспайтын кей болаттардың механикалық өңдеу қабілетін жақсартады. Теллур азоттың сұйық шойын мен болатқа сіңуін күрт төмендетеді, олардың құймаларының кеуектілігін төмендетеді. Мыс өңдеуді жақсарту үшін теллурмен легірлейді (мыс құрамындағы теллурдың 0,75% - ы оның электр өткізгіштігін төмендетпейді). Қорғасынға 0,1-0,5% теллурды қосу, оның беріктігі мен коррозияға төзімділігін арттырады, бұл кабель жабынын дайындау және химиялық жабдықты қаптау үшін пайдаланылады .
Шыны өнеркәсібі. Селен сигнал шамдарына арналған қызғылттан қою қызылға дейін (лағыл) түсті шыны алуға мүмкіндік береді. Теллурды қосу қоңыр шыны алуға мүмкіндік береді. ТеО2 негізінде жоғары сыну көрсеткіштері бар шынылар, сондай-ақ толқын ұзындығының кең интервалында инфрақызыл сәулелерді өткізетін шыны алынады. Селен мен теллур керамика, глазурь және эмальға арналған пигменттердің құрамына кіреді.
Химия өнеркәсібі. Селен мен теллур резеңкенің серпімділігін жақсарту және беріктігін арттыру үшін вулканизаторлар мен үдеткіштер ретінде қолданылады. Олардың химия және фармацевтика өнеркәсібінде, тотығу, гидрлеу, дегидрлеу, галогендеу процесстерінде катализаторлар ретінде қолданысы үнемі кеңейіп келеді. Селен мен теллур майлардың тотығуға қарсы тұрақтылығын арттырады. Бірқатар өтпелі металдардың селенидтері мен теллуридтері - антифрикциялық жабындар мен материалдардың компоненттері. Дезинфекциялаушы заттардың, инсектицидтердің, фунгицидтердің және гербицидтердің құрамына кіреді.
Жер қыртысындағы селен мөлшері 6×10-5, теллур 1×10-6 % (салмағы бойынша). Олардың 80-ге жуық минералдары бар, олардың құрамына селенидтер, теллуридтер, тотыққан минералдар кіреді. Селен мен теллур өзідігінен кен орындарын құрмайды, басқа металдардың кендерінде қоспа компонент түрінде кездеседі.
Кенді байыту процесінде селен

1
2
3