6.1 Жалпы мәліметтер

мен теллурдың концентраттарға өту көрсеткіштері төмен, селективті флотация кезінде, кендегі селен мен теллурдың мыс концентраттарына бөліну дәрежесі 10-25%; мырыш концентраттарына - 5-10%, қорғасын концентраттарына - 20-35%, никель және молибден концентраттарына өту дәрежесі 0,5-5% құрайды. Селен мен теллурдың көп бөлігі байыту қалдықтарында және пирит концентраттарында қалады.
Сульфидті кендер мен концентраттарды (мыс, никель, мырыш, қорғасын), құрамында алтыны бар кендерді және пирит концентраттарын металлургиялық өңдеу кезінде, селен мен теллур кәсіпорындардың қалдықтары мен жартылай өнімдерде: түсті металл концентраттарын күйдіру, балқыту процестерінде, күйдіру шаңдарында, мысты, никельді электролиттік рафинирлеу қождарында, күкірт қышқылы өндірісінің қождары мен илдарында, қорғасынды рафинирлеу қалдықтары және т. б. таралады және жинақталады.
Селен мен теллурдың негізгі көзі - бастапқы мысты электролиттік рафинирлеудің анодты шламдары. Олардың құрамы, %: Сu 10-32, Ag 7,5-30,5, Аu 0,2-1,4, Se 2,0-16,0, Те 0,3-8,0, Bi 0,1-1,2, As 0,4-0,5, Sb 0,1-11,0, Pb 2,3-24,0, Ni 0,2-2,5, Fe 0,3-0,5, SiO2 1,6-9,7, S 2-10.
Селен мен теллур шламдардан мыс, алтын және күмісті қосымша ала отырып, бөледі.
Селен мен теллурдың тағы бір маңызды көзі - құрамында 3-42% Se және 0,2-14% Те болатын, күкірт қышқылы мен целлюлоза-қағаз өндірісінің шламдары. Қорғасын өндірісінің қалдықтары мен жартылай өнімдерін өңдеу арқылы селен мен теллурды бөліп алады.

1
2
3