6.2 Ерітінділерден элементті селен мен теллурды бөлу

Жартылай өнімдерді немесе қалдықтарды өңдеу кезінде, селен мен теллур SeO32- , SeO42- , TeO32- , TeO62- , Se2- , Те2- иондарының құрамында сілтілі, сілтілі-содалы, күкірт және тұз қышқыл ерітінділеріне ауысады.
Күкірт газымен тотықсыздандыру арқылы элементті селен мен теллурды тұндыру. Процесс тотығу-тотықсыздану реакцияларының өтуіне негізделген:

H₂MeO₃ + 2SO₃ + H₂O = Me + 2H₂SO₄(2.41)
мұндағы Me - селен, теллур.

Өндірістік практикада, егер ерітінділерде селен мен теллур бірге болса, онда оларды жекелеп бөліп алады: күшті қышқыл ерітінділерден алдымен селенді күкіртті газбен тұнбалайды, содан кейін ерітінді сұйылтылып, теллур тұндырылады.
Селен +6 тотығу күйінде күкірт газымен тотықсызданбайды, сондықтан селен қышқылын концентрлі тұз қышқылын немесе екі валентті темір тұздарын қосу арқылы, алдын-ала селенді қышқылға дейін тотықсыздандырады:

H₂SeO₄ + 2HCl = H₂SeO₃ + Cl₂ + H₂O(2.42)

Элементті селен мен теллурды селенидті және теллуридті жолмен алу. Осы әдіспен сілтілі сулы ерітіндідегі селенит немесе теллурит металдық алюминиймен тотықсыздандырылады:

Na₂MeO₃ + 2Al + 2NaOH + 3H₂O = Na₂Me + 2Na(Al(OH)₄).(2.43)

Содан кейін ерітінді арқылы ауа (аэрация) өткізіп, элементті селен немесе теллур алады:

2Na₂Me + O₂ + 2H₂O = 2Me + 4NaOH(2.44)

Сілтілік ортада электролиз арқылы элементті теллурды тұндыру. Теллурит ионының электролизі келесі теңдеулерге сәйкес жүреді;

катодаTeO₃²⁻ + 3H₂O + 4e = Te + 6OH⁻ ;
анодта4OH⁻ - 4e - 2H₂O + O₂.

Электролиз процесінің көрсеткіштері: электролиттегі теллурдың мөлшері 30-275 г/л, NaOH мөлшері 90-200 г/л, токтың катодты тығыздығы 50-500 А/м2, электролит температурасы 20-50 ℃, ваннадағы кернеу 1,5-2,5 В.
Теллурды сілтілі металл теллураттарының электролизі арқылы да алуға болады.
Теллурды гидролитикалық жолмен тұндыру. Теллур тұздары келесі реакциялар арқылы әлсіз қышқыл ортада гидролизденеді:

Me₂TeO₃ + 2H⁺ + H₂O = TeO₂ × 2H₂O + 2Me⁺(2.45)
TeHal₄ + 4H₂O = TeO₂ × 2H₂O + HHal(2.46)

(Me - бір валентті металл ионы; Hal-галоген ионы).

Н2ТеО3 минималды ерігіштігі рН = 3,5-5,5 кезінде ~0,05 г/л құрайды. ТеO2×2Н2O тұнбасы қышқылда немесе сілтіде ериді және ерітінділерден элементті теллурды күкірт газымен немесе электролизбен тотықсыздандыру арқылы тұндырады. Кептірілген теллур диоксидін 850 ℃ температурада көмірмен тотықсыздандыруға болады:

TeO₂ + C = Te + CO₂;(2.47)

Ерітінділерден теллурды экстракция арқылы бөлу. Сілтілік ерітінділерден теллур трибутилфосфат немесе аминдермен экстракцияланады. Сонымен, 2-3 М НСl және 3,5 М H2SO4 қоспасы бар, керосиндегі 80% ТБФ ерітіндісімен экстракция кезінде HTeCl × 2ТБФ сольваты түзіледі. Элементті теллур экстрактқа натрий сульфитін қосу арқылы алынады:

HTeCl₅ × 2ТБФ + 2Na₂SO₃ + 2H₂O = Te + 4NaCl + HCl + 2H₂SO₄ + 2ТБФ(2.48)