6.3 Селен мен теллурды мыс электролиттерінің анодты шламдарынан алу

Me + 2H₂SO₄ = MeSO₄ + SO₂ + 2H₂O (Me – Cu, Pb,Ni);(2.52)
Se + 2H₂SO₄ = SeO₂ + 2SO₂ + 2H₂O(2.53)
2Te + 5H₂SO₄ = Te₂O₃SO₄ + 4SO₂ + 5H₂O(2.54)
2Ag + 2H₂SO₄ = Ag₂SO₄ + SO₂ + 2H₂O(2.55)
Cu₂Se + 6H₂SO₄ = 2CuSO₄ + SeO₂ + 4SO₂ + 6H₂O(2.56)
2Cu₂Te + 13H₂SO₄ = 4CuSO₄ + Te₂O₃SO₄ + 8SO₂ + 13H₂O(2.57)

Металдардың селениттері мен теллуриттерінің реакциялары осыған ұқсас жүреді. Температура 600 ℃ дейін көтерілгенде тотығу процесі аяқталады, негізгі теллур сульфаты термиялық ыдырайды, мыс теллуриті түзіледі:

Te₂O₃SO₄ = 2TeO₂ + SO₃(2.58)
Te₂O₃SO₄ = 2TeO₂ + SO₃(2.59)

Бұл температурада селен диоксиді ұшырындыға өтеді, ал теллур қосылыстары толығымен дерлік сульфатталған күйдіріндіде қалады. Сульфатталған күйдіріндіден мыс сульфаты сумен, кейін натрий гидроксиді - теллур ерітіндісімен шайылады. Сүзілген, жуылған және кептірілген кек Доре металын алуға жіберіледі. Селенді ұшырындыға өткізу дәрежесі 98% жетеді.
Тотығу атмосферасында шламды натрий карбонатымен Na2CO3 500-600 ℃-та күйдіргенде селен мен теллурдың еритін натрий тұздары түзіледі:

Se + Na₂CO₃ + O₂ = Na₂SeO₃ + CO₂(2.60)
Cu₂Se + Na₂CO₃ + 2O₂ = Na₂SeO₃ + 2CuO + CO₂(2.61)
Ag₂Se + Na₂CO₃ + O₂ = 2Ag + Na₂SeO₃ + CO₂.(2.62)

Ұқсас реакциялар теллур мен теллуриттердің өзара әрекеттесу барысында жүреді. Бір мезгілде селениттер мен теллуриттер селенаттар мен теллураттарға дейін тотығады.
Күйдіруді көп табанды немесе муфельді пештерде жүзеге асырады. Жентек сумен шайылады, ал кек Доре металын алуға жіберіледі. Күйдіруге жұмсалған Na2CO3 шығыны шлам массасының 40-50 %-ын құрайды. Селеннің ерітіндіге өту дәрежесі- 97%-ды құрайды. 650-700 ℃ температурада күйдіргенде суда аз еритін натрий теллураты түзіледі, бұл жағдайда селен теллурдан сумен шаймалау арқылы бөлінеді.
Мыссызданған шламдарды тікелей балқыту екі нұсқада жүзеге асырылады: 1) купелирлеу арқылы; 2) шағылыстырғыш пеште балқыту арқылы.
Құрамында қорғасын мөлшері жоғары шламдар купелирлеуге жіберіледі. Купеляция процесінде селен мен теллур газ фазасына өтіп, шаң ұстау жүйесінің өнімдеріне жинақталады. Сонымен, дымқыл электрофильтр ерітіндісінде 95 г/л Se, 270 г/л Н2ЅО4; дымқыл электрофильтр шламында - 25-31 г/л Se; 16-18 г/л РЬ; құрғақ электрофильтр шаңында - 20-23 г/л Se, 1-5 г/л Te болады. Электр сүзгілерінің шламдары мен шаңдарын құрамында H2SO4 және NaClO3 бар 30% тұз қышқылымен шаймалайды. Содан кейін ерітінде Se (+6) - дан Se (+4) - ге ауысуы үшін концентрленген тұз қышқылымен өңделеді және селенді күкірт газымен тотықсыздандырады. Селен тұндырылғаннан кейін ерітінді сумен сұйылтылады, ал теллур күкірт газымен тотықсыздандырады.

Image

2.18-сурет. Сода шламдарынан теллурды алудың технологиялық сызбасы

Шағылыстырғыш пеште балқыту арқылы құрамында қорғасын мөлшері аз, селен және теллурға бай шламдар өңделеді. Ауамен балқыту кезінде селен мен теллур диоксидтерге дейін тотығады, Na2CO3 және селитра қосып, теллурды теллуритке айналдырады. Нәтижесінде силикатты шламдар, құрамында сода бар теллурлы шламдар, алтын мен күміс қорытпасы (Доре қорытпасы), құрамында селен бар ерітінділер мен шаң ұстау жүйесінің шламдары алынады. Сода шламдарын шаймалау арқылы алынған, ерітінділерді бейтараптандырудан кейін теллур диоксидінің гидраты немесе теллур алынады (2.18-сурет). Шаң жинау жүйесінің ерітінділерінен селен күкіртті газбен тұндырылады. Бұл әдіс бойынша: селеннің шығымы 50-75%, ал теллур 45-50% құрайды.

1
2