σB

механикалық кернеу, одан басым материалдың бұзылуы тұрады. Басқаша айтқанда, бұл белгілі бір материалдан белгілі бір денені бұзатын шекті мән. Статикалық және динамикалық беріктік шектерін ажырату керек. Сондай-ақ, қысу мен созылу беріктігінің шектері бар.

Керн

(керн, core sample) (геологияда) — бұрғылау кезінде ұңғымадан алынған тау жыныстарының үлгісі. Әдетте бұл монолиттік қасиетті сақтауға жеткілікті берік тау жыныстарының цилиндрлік бағанасы. Әр түрлі зертханалық талдаулар үшін материал ретінде қызмет етеді.

Тунгстенит

(Тунгстенит, Tungstenite) (WS2) - минерал, молибденит тобындағы вольфрам дисульфиді. Табиғатта екі политипі анықталған: алтыбұрышты 2H (6/M2/m2/M ) және тригональды 3R (3m). Молибденит пен графитке өте ұқсас; тунгстениттің молибденит қасиетіне ұқсастығы - тунгстенитті басында молибденит деп болжап, сирек кездесетін минерал деп санаған. Түсі – қою қара сұр, ал шлиф түрінде таза ақ. Жылтыр металл. Мөлдір емес. Қаттылығы - 2.5. Үзілісі тегіс, пышақпен кесіледі. HCl-да ерімейді, патша арағында ериді. Флуоресцентті емес. Кристалдарды қабыршақты және пластиналы. Салыстырмалы түрде сирек кездеседі.

Молибденит

(Molybdenum) (MoS2) - молибден жылтыры (грек. molуbdos – қорғасын, сырт пішіні қорғасын секілді). Химиялық формуласы: МоS2; – сульфидтер класының минералы. Құрамында – 60%-ға дейін Мо, 40% S болады, сонымен қатар Se, Re және басқа қоспалар жиі кездеседі. Гексагондық сингонияда кристалданады. Табиғитта Молибденит қабыршақты, жапырақты агрегаттар, сферолиттер түзеді. Молибдениттің кристалдарында пинакоид, призма, пирамида сияқты қарапайым пішіндер жиі кездеседі. Түсі қорғасын тәрізді сұр, металша жылтырайды, қатт. Моос шкаласы бойынша 1 – 1,5, серпімді, майысқақ, қолға жұғады, талшықтары оңай бөлінеді, жымдастығы бір бағытта жетілген, аз мөлшерде электр тогын өткізеді; тығызд. 4,7 – 5,0 г/см3. Қышқыл интрузияларда, грейзендерде, мусковит, касситерит, арсенопиритпен бірге ұшырайды. Молибденитті бейполюстік көмірсутектерін пайдаланып кендерден флотация әдісімен алады. Молибденит – молибден кендерінің басты минералы. Қазақстанда Бозшакөл, Қоңырат, Солтүстік Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Көктің көлінде молибден және мыс-молибден кендерінің қоры бар.

Қорытпа

(Сплав, Alloy) - екі немесе одан көп құраушылардан құралған (химиялық дербес заттар) балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер. Металдық қорытпалар — тек қана металдан (мыс., латунь – мыс пен мырыштың қорытпасы), не болмаса құрамында аз мөлшерде бейметалдық заттар қоспасы бар металдан (мыс., шойын мен болат — темірдің көміртекпен қорытпасы) тұруы мүмкін. Бейметал қорытпалар — бейметалдық заттардан, мыс., табиғи (гранит, гнейс, базальт) және жасанды силикаттар (шыны, қождар), тұздар мен органикалық заттар Қорытпаларынан тұрады. Қорытпаларды пісіру, электролиздеу, қатты күйінен бірден буға айналдыру (возгонка) әдістерімен де алуға болады.